777 Қазақтың ұлы тұлғасы — Абай Құнанбайұлының болашақ ұрпағына қалдырған ӨСИЕТІ. 1. Иман сақтауға – қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босамас буын керек. 2. Құдайшылық- жүректе. Қалпыңды таза сақта. 3. Құдайдан- қорық, пендеден – ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма! 4. Ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыт болады. 5. Көрсеқызарлықпен, жеңілтектікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. 6. Ауруды жаратқан құдай, бірақ ауыртқан құдай емес. 7. Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң – Алланың сүйген құлының бірі боласың. 8. Жылуы жоқ бойының, жылмиғаны неткені?.. 9. Бұрынғы ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: ел басы, топ басыларына тоқтай білетіндігі мен намысқойлығы. 10. Егер менің ішімді жарып өрсең, жылауыңды тоқтатып, шошыр едің. 11. Қайғысыздың бәрі асау. 12. Өлейін деп өлмейді өлерік жан. 13. Распенен таласпа. 14 Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме, Қызық келсе қызықпа, оңғаққа ерме. Жүрегіңе сүңгі де, түбін көзде, Сонан тапқан шын асыл, тастай көрме. 15. Бір жерде бірге жүрсең басын қосып, Біріңнің бірің сөйле сөзін тосып. 16. Көп шуылдақ не табар, билемесе бір кемел. 17. Сұлуды сүймектік – пайғамбар сүннеті. 18. Бір қайғыны ойласаң, жүз қайғыны қозғайды. 19. Жүректен қызық кеткенде, тәннен қуат кетеді. 20. Мұңдасқан көңілде кір қалмайды. 21. Өзі жат елде қайыршылық қылып жүріп, елін бай деп мақтайтындар – құдай қарғағандар. 22. Малыңды жауға, басыңды дауға салып қор қылма. 23. Жүректі қозғайтын – жастықтың оты.

Теги других блогов: Қазақстан Абай ӨСИЕТ